Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Альварес неліктен Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуден бас тартқанын түсіндірді

Головкин мен Альварес осыған дейін екі рет шаршы алаңда жұдырықтасты.

Орта салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес тағы бір мәрте Геннадий Головкинмен үшінші кездесу өткізгісі келмейтінін жеткізді. Мексикалықтың айтуынша, қазақстандық боксшы оған қызығатындай ештеңе ұсына алмайды екен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Головкинмен үшінші кездесуден бас тартамын, себебі ол маған ештеңе ұсына алмайды. Мен оны екі рет соққының астына алдым. Біріншісінде де, екіншісінде де жеңдім деп ойлаймын. Ол маған ештеңе ұсына алмайды, мен үшін үшінші кездесудің не қажеті бар. Ол IBF тұжырымы бойынша чемпион атанған күннің өзінде ол маған қызық емес", - деді "Канело".

Айта кетейік, Головкин мен Альварес осыған дейін екі рет шаршы алаңда жұдырықтасты. Олардың бірінші кездесуі 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жылдан соң төрешілер жеңісі мексикалыққа берген еді.

Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте шаршы алаңға қайтып оралады. Ол украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, орта салмақта IBF және IBO белбеулеріне таласатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости