Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшыны жеңді

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында өткен бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осы бокс кешінің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев ұлыбританиялық Энтони Ярдты нокаутқа түсірді. Жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады.

26 жастағы Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Сегіз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 30 жастағы Осипов болса осымен екінші рет жеңілді, ол 15 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Ресейде алғаш рет өнер көрсетті. Осыған дейінгі жекпе-жектердің барлығын дерлік ол АҚШ-та өткізген, ал Қазақстанда бір ғана кездесу ұйымдастырды. Ковалев пен Нұрсұлтановты менеджер Эгис Климас пен Main Events промоутерлік компаниясы байланыстырады
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости