auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Өзге елде "сұлтан" болғандар…

Өзге елде "сұлтан" болғандар…
Елімізді спортшылардан кенде дей алмаймыз. Халық арасында жақсы дамыған спорт түрлерінде бәсекелестік өте жоғары деңгейде. Әсіресе күш қолданатын спорт салалары. Атап айтқанда, бокс және күрес. Дүбірлі додаларда ел үміті негізі осы спортшыларға артылады.

Әр қазақ баласы бокс немесе күрес үйірмелеріне қатысқан. Олимпиада секілді жарыстарда топ жарған саңлақтарға қарап, ұлының ел намысын қорғайтын спортшы болғанын қалаған әрбір әке баласын спортзалдың табалдырығына әкелді.

Дегенмен, арасынан «суырылып шығып», «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанғандар ғана жоғары жетістікке жетеді. Маңдай терімен еңбек еткендер ғана үздіктердің қатарынан көрінеді. Алайда, әр түрлі себептермен дарынды спортшыларымыз өз жерімізде қолдау көрмей не бәсекелестікке төтей алмай, шекара асқандар да баршылық. Олардың саны аз емес. Бүгін солардың бірнешеуіне тоқталып өтуді жөн көрдік.

Айта кетейік, бүгінгі мақала шет жерде туып-өскен спортшылар жайлы емес, Қазақстанда спорт табалдырығын аттап, уақыт өте шекара асқан саңлақтар жайлы болмақ.



Елмұрат Зұлыпқарұлы Тасмұратов
Туған жылы:
12 желтоқсан 1991 жыл
Туған жері: Өзбекстан, Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қызық Ту ауылы
Азаматтығы: Өзбекстан
Спорт түрі: Греко-рим күресі
Жетістіктері: Рио-де Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем біріншілігінің үш мәрте қола медалін иеленген, Азия чемпионатында үш рет алтыннан алқа тағынса, бір мәрте ақтық кезеңде ұтылған.

1955 жылға дейін Қазақ КСР Шымкент облысына кірген Бостандық ауданындағы Қызыл Ту ауылының тумасы. 1991 жылы туған Елмұрат 13 жасында елге оралып, Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатта білім алады.  Күреске икемі бар болғанымен құрама бапкерлері түрлі сылтаулармен оны шақыртпайды. Ұлттық құраманың сапына іліне алмаған Елмұраттың өзегін өкініш өртеп, Өзбекстанға қайтуға бел буады. Дегенмен бұл шешімі дұрыс болады. Ағайынды өзбектердің атынан Азия чемпионатында үш мәрте топ жарды. Астанада өткен Азия біріншілігінде қазақстандық Бағлан Жақаншаны 10:0 есебімен оңдырмай ұтқан. Сонымен қатар, 2013 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін болған жекпе-жекте Алмас Кебіспаевтан айласын асырып, үздіктердің қатарынан көрінді. Ең жоғары көрсеткіші - Олимпиада қоласы. Өткен жылы өткен Рио Олимпиадасына Өзбекстанның қоржынында медаль түсірген болатын.



Ербол Қалабаев
Туған жылы:
9 ақпан 1987 жыл
Туған жері: Қазақстан, Ақтөбе қаласы
Азаматтығы: Беларусь
Спорт түрі: Греко-рим күресі
Жетістіктері: Жастар арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы, ерлер арасында ел біріншілігінің күміс жүлдегері, Беларусь чемпионатының алтын және қола медалін иемденген, Түменде өткен Гран-При жарысында үздік үштіктің қатарында көрінді.

Ақтөбе қаласында туып-өскен Ербол греко-рим күресімен шұғылданады. 2007 және 2008 жылы  қатарынан екі рет жастар арасында Қазақстанда қарсылас шақ келтірмеген. Ал арада бір жыл өткен ересектер арасында күміс жүлдені жеңіп алады. 2010 жылы Ұлттық құраманың сапына шақыртылғанымен, ірі жарыстар барарда тізімге ілінбей қала берген. Ақыры бәсекелестіктің жоғары болғаны соншалық, Ербол барған жарысында жүлде алып үлгермей, Ұлттық құрамадан тыс қалады. Дарынды палуанды бірден Беларусь бапкерлері шақыртады. Атап айтқанда, Сеуль Олимпиадасының жеңімпазы, Беларусь құрамасының бас жаттықтырушысы Камандар Маджидов Ерболды қол астына алады. Қазақ баласы бапкерлерін ақтады. 2011 жылы ішкі біріншілікте үздік үштікке ілінсе, келер жылы жеңімпаз атанады. 2013 жылы Түмен жерінде өткен Гран-При додасында қола медалді иемденді.



Марат Гарипов
Туған жылы:
1985 жылы
Туған жері: Қазақстан, Тараз қаласы
Азаматтығы: Бразилия
Спорт түрі: Греко-рим күресі

Бәсекелестіктің тағы бір құрбаны – Марат Гарипов. Олимпиада ойындарына қатысуды арман еткен Марат қазіргі таңда Латын Америкасында өмір сүріп жатыр. Қазақстанның атынан олимпиадаға қатыса алмайтынын жақсы түсінген палуан Бразилия федерациясының ұсынысын қабыл алған. Дегенмен, оның бұл шешімін бәрі бірдей құптай қойған жоқ. Тіпті, Бразилия елінің атынан өнер көрсетуіне кедергі келтіргендер де болған көрінеді. Алайда барлық қиындықтарды жеңген Марат қазіргі таңда «Пеленің отанына» қарсылас шақ келтірмейді. 2016 жылы бала кезгі арманына бір табан жақын болған.  Бірақ Рио-де Жанейро өткен Олимпиаданың алдында ауыр жарақат алып, дүбірлі доданы өткізіп алды. Ендігі мақсаты – 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасы.



Елнұр Абдураимов Нұрғалиұлы
Туған жылы:
10 маусым 1994 жыл
Туған жері: Өзбекстан, Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қызық Ту ауылы
Азаматтығы: Өзбекстан
Спорт түрі: Бокс
Жетістіктері: 2015 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, әлем чемпионатында бір мәрте топ жарса, енді бірде үздік үштіктен көрінді.
60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Елнұр өзбек жерінде дүниеге келген. Бүгінгі тізімдегі шет елде туып-өскен жалғыз спортшы. Жас спортшының дарынын байқаған Өзбекстан құрамасының бапкерлері оны Ұлттық құрамаға ерте шақыртты. Ерлер арасындағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанған. 2015 жылы әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндесе, арада екі жыл салып әлемдік додадағы жетістігін жақсартты. Бұл жолы Ташкентте өткен жарыста қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Бангкокте өткен әлем біріншілігінде Рио Олимпиадасына жолдама алған еді. Алайда Өзбекстан құрамасының бапкерлері таңдауды жас Елнұрға емес, тәжірибелі Хуршид Таджибаевқа жасады. Елнұрдың жасы - 23-те. Әлі алар асуы алда деп ойлаймыз.

Міне, спортшыларымыз тек отанында емес, шекара асып, өзге елдің намысын дүбірлі додаларда қорғап жүр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама