auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қызылордалық Диас Бахраддин Олимпиада чемпионы атанды

Қызылордалық Диас Бахраддин Олимпиада чемпионы атанды
Диас Бахраддин.
Қызылордалық Диас Бахраддин Олимпиада чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл байдарка және каноэде есуден Қызылорда облысы және Қазақстан Республикасы спорты тарихындағы алғашқы медаль екен.

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер Олимпиада ойындарында қызылордалық Диас Бахраддин байдарка және каноэде есуден алтын медальды иеленіп, еліміздің Әнұранын шырқатты.

Каноэ бірлік бәсекесінде сынға түскен Диас іріктеу кезеңінде мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды. Ал жартылай финалда ол венгриялық спортшыдан озып, финалда өзбек спортшысымен түскен таласта 1:54.66 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді.



Диас Бахраддин қазіргі таңда Қызылорда облысы Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 11-сыныбында оқиды. Байдарка және каноэде есуден ҚР спорт шебері. Ол бұған дейін 2 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, күміс және бірнеше мәрте қола жүлдегері болса, биыл Испанияда өткен лицензиялық халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Диасты жарысқа Мұхитдин Миербеков пен Диана Хазиева дайындады.



Жалпы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына облыстан 3 спортшы қатысты. Олар: байдарка және каноэде есуден Диас Бахраддин мен Эльнура Нұрланова, жеңіл атлетикадан Галина Панасенко.
Эльнура Нұрланова каноэ есу жарысында үздік төртікке кірсе, жеңіл атлетикадан Галина Панасенко шеберлігін шыңдады.

Айта кетейік, 2014 жылы дзюдодан жерлесіміз Бауыржан Жауынтаев жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама