Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жасөспірімдер Олимпиадасы өтетін ел таңдалды

Буэнос-Айресте ХОКтың 133-ші сессиясы өтті.

Жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатқан Аргентина астанасы Буэнос-Айресте Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) кезекті 133-ші сессиясында келесі Олимпиаданың қай елде өтетіні анықталды.

Аталған жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) өкілдері де қатысуда. ХОК сессиясына Қазақстан атынан ҰОК бас хатшысының орынбасары Елдос Рамазанов пен ҰОК вице-президенті Андрей Крюков қатысты.

"Аргентина астанасында ірі спорттық оқиға өтуде. Бүгінде бүкіл әлем Буэнос-Айреске көз тігіп отыр. Мұндағы ойындарға олимпиадалық қозғалыс өкілдері, атлеттер, БАҚ өкілдерімен қатар Олимпиадалық құндылықтарды дәріптейтіндердің барлығы да назарын аударған. Біздің жұмыс жоспарымыз өте тығыз. 5-6 қазан күндері Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Олимпизм әрекеті» форумына қатысып, спорттық қоғамдағы жаңа тенденцияларды талқылады.  Бүгін бірнеше маңызды мәселелер айтылған ХОК атқарушы комитетінің отырысына қатыстық", - дейді Елдос Рамазанов.

Бірінші болып сөз алған ХОК президенті Томас Бах жасөспірімдер Олимпиадасын ұйымдастырушы тарапқа ерекше разылығын білдірді.

"Аргентинаның осы ойында керемет өткізіп жатқанына ризамын. Қазір елдің қандай жағдайда екенін жақсы білеміз. Десе де, олар жарыс пен ашылу салтанатына ерекше назар аударғанына куә болдық", - деді Бах.

Содан соң 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің президенті Ли Хи Бом баяндама жасап, қысқы ойындардан 55 миллион доллар пайда түскенін жария етті.

Томас Бах Оңтүстік Корея спортын өркендету үшін әлі қаражат бөлінетінін айтты.

"Пхенчхандағы Олимпиаданы ұйымдастырушыларды құттықтаймыз. Бұл барлық жағынан да сәтті өткен Олимпиада болды. ХОК Оңтүстік Корея спортын дамыту үшін өз үлесін қосады", - деп атап өтті Бах.

Жиында қозғалған тағы бір маңызды мәселе - 2022 жылы өтетін жасөспірімдер Олимпиадасын ұйымдастыру. Төртжылдық  додасын өткізу құқығын Сенегал жеңіп алған болатын.

"Спортқа деген құштарлығы басым Африканың уақыты келді, Сенегалдың уақыты келді", - деді Бах.

III жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы Буэнос-Айресте қазанның 6-18 аралығында өтеді. Қазақстан құрамасынан 23 спорт түрінен 58 спортшы қатысады.

Айта кетейік, таяуда Азиада-2018 ойындары өтті, онда Қазақстан 78 медаль иеленді: 15 алтын, 17 күміс және 44 қола.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости