auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан қысқы Олимпиадада 1 қола алады – Gracenote

Қазақстан қысқы Олимпиадада 1 қола алады – Gracenote
Olympic.kz
Танымал "Gracenote" статистикалық агентігі 4 күннен кейін Пхенчханда (Оңтүстік Корея) басталатын ХХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына болжамын ұсынды. Олардың сараптауы бойынша Қазақстан құрамасы 1 қола медаль еншілейді екен.

Статистикалық агенттік Оңтүстік Корея жерінде Германия құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алады деп болжауда. Агенттік сарапшыларынеміс спортшылары 15 алтын 10 күміс 14 қола медаль еншілейді деп топшылап отыр. Екінші орынға норвег спортшыларын қойған. Скандинавия түбегінің өкілдері 13 алтын 14 күміс 13 қола медаль жеңіп алуға қауқарлы екен. Үздік үштікті АҚШ құрамасы (11 алтын 6 күміс 12 қола) түйіндейді деп болжанып отыр.



"Gracenote" Қазақстан құрамасының қоржынына түсетін жүлдені могулшы Дмитрий Рейхерд иеленеді деп болжам жасаған. Олар мұндай болжамдарды спортшылардың соңғы халықаралық жарыстардағы жетістіктері мен физикалық дайындықтарына баса мән береді. Осыған дейін агенттік қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінбейді деп болжап келген еді.

Олимпиада ойындарында жүлде алған отандастарымызға берілетін сыйақы көлемі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай жеңімпаз атанған спортшы мен жаттықтырушысына 250 мың АҚШ доллары беріледі. Екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі. Алтыншы орынға дейін сыйақы қарастырылған.

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Қазақстан 6 рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 4 спортшымыз ғана жүлде алған. Олар: Владимир Смирнов (1994, 1998), Людмила Прокашева (1998), Елена Хрусталева (2010) және Денис Тен (2014).

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Төрткүл дүние асыға күткен доданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама