auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
olympic.kz
Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 10 күн қалды. Төрткүл дүние асыға күткен төртжылдықтың басты додасына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия иеленген.

Ең көп жолдама биатлоннан бұйырды. Қысқы додаға Қазақстан құрамасы сапында 10 спортшы (5 ер, 5 әйел) қатысады. Атап айтар болсақ, Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Елизавета Бельченко қатысады. Олимпиадада биатлоннан спринт, ізге түсу, жекелей сайыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафета сындары өтеді.

Фристайлдан ел намысын 9 спортшы қорғайды (үш ер, алты әйел). Могул сайысында Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Әміренова өнер көрсетеді. Акробатикада жарыс жолына Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева және Ильдар Бадрутдинов шығады.

Шаңғы жарысында жеті спортшымыз тізімге ілінді (төрт ер, үш әйел). Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна Шевченко мен Елена Коломина Пхенчханда медальға таласады.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жеті спортшыны Олимпиадаға алып барады (бес ер, екі әйел). Олар - Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғәлиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова мен А Йонг Ким.

Коньки тебуден Каннындағы мұз айдынға алты спортшымыз шығады (бес ер, бір әйел). Бұл спорт түрінен ел намысын мына спортшылар қорғайды: Роман Креч (500, 1000 м), Станислав Палкин (500, 1000, 1500 м), Артем Крикунов (500 м), Федор Мезенцев (1000, 1500 м, масс-старт), Денис Кузин (1000, 1500 м) және Екатерина Айдова (500, 1000, 1500 м).

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық үш спортшымыз сайысқа түседі (бір ер, екі әйел). Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Имамбек өз өнерлерін паш етпек.

Тау-шаңғы спортынан Қазақстан екі спортшыны тіркеді (ер, әйел). Олар Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева.

Шана спорты мен трамплиннен секіруден екі спортшымыз өнер көрсетеді. Ел намысын Пхенчханда Никита Копыренко (шана спорты) мен Сергей Ткаченко (трамплиннен секіру) қорғамақ.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама