auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы Македониядан ойсырай ұтылды

Қазақстан жастар құрамасы Македониядан ойсырай ұтылды
Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Евро-2021 турнирінің іріктеу аясында Солтүстік Македония құрамасымен кездесіп, ойсырай ұтылды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Алматының орталық стадионында өткен кездесу 1:4 есебімен аяқталды. 

Ойынның есебін қонақтар 38-минутында Дарко Чурлинов ашты. Арада үш минут өткен соң Қазақстан құрамасы өз айып алаңында ереже бұзды. Он бір метрлік айып добын орындаған Яна Атанасовтың бірінші соққысын Мұхамеджан Сейсен қайтарғанымен, шабуылшының өзі қақпашыдан келген допты қақпаға енгізіп жіберді. 

Екінші тайм бастала салысымен қонақтар тағы бір гол соқты. Көзге түскен сол Дарко Чурилов. 

Македония үшінші голын соққан соң біздің құраманың ойыншылары шамалы жинала бастаған сияқты болды. 52-минутта Оралхан Өміртаев есеп айырмасын қысқартқан. Кейін тіпті пенальти тебуге мүмкіндік алды. Ол ойынның 54-минуты болады. Бірақ нүктеге келген Артур Шушеначев айып соққысын сәтті орындай алмады. Осы жерде төрешімен сөзге келіп қалған Оралхан Өміртаев екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. 

Сөйтіп, 67-минутта қонақтар есепті тағы еселеді. Дарко Чурлинов Димитар Митровскиге әдемі пас шығарды. Шабуылшы Сейсеннен сескенбей, төртінші голды соқты. 

Ал 70-минутта Рауан Орынбасар тура алаңның ортасында ойын ережесін бұзып, бірден қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Ары қарай Македония құрамасының ойыншылары бір-біріне пас беру арқылы уақытты өлтіріп, матчты аяқтады. 

Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде Қазақстан құрамасының жағдайы тіпті нашарлады. Сегіз кездесу өткізіп үлгерген Алмас Құлшынбаев тәлімгерлері үшінші орынға түсті. Еншімізде 10 ұпай бар. Ал 13 ұпай жинаған Солтүстік Македония құрамасы екінші орында. Көш басында ұпайдан шашау шығармаған Испания құрамасы тұр. Олардың еншісінде 16 ұпай бар. 

Енді іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасында екі ойын қалды. Сырт алаңда Испания құрамасымен және өз алаңымызда Фарер аралдарымен ойнаймыз. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті

Жарнама

Жарнама