auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Журналист Қазақстан құрамасының ойыншысын матчтан кейін қамап қойғанын айтып берді

Журналист Қазақстан құрамасының ойыншысын матчтан кейін қамап қойғанын айтып берді
Александр Меркель. Сурет: "Хераклес"©
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель құжатына байланысты қиындықтар үшін 2019 жылы Қазақстаннан ұшып кете алмапты. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Gol.ru басылымына берген сұқбатында айтты. 

Оның ақпараты бойынша, бұл мәселені шешуге екі-үш күн уақыт кетіпті. Бұл уақыттың ішінде ол камерада болған. Осылайша ол нидерландылық "Хераклес" командасына уақытында бара алмаған. 

"Өткен жылы Меркель Қазақстанға Нидерландыдан қазақстандық құжатпен ұшып кеткен. Кері қайтқан кезде де ол Қазақстан құжатын пайдаланбақшы болған. Бірақ визаның жоқтығынан ба, әлде басқа нәрсеге байланысты ма қиындықтар туды. Рейске кешігіп жатқан. Бұл мәселені Қазақстан футбол федерациясы арқылы шешкісі келген. Бірақ соңында оны камераға жауып, екі немесе үш күн ұстап отырды. 

Мен оны неге ұстап қалғанын білемін. Бірақ оны жария етіп, оның карьерасына нұқсан келтіргім келмейді. Оның үстіне ол әлі Қазақстан құрамасы сапында ойнауы мүмкін. 

Меркельдің өзі де ақымақтық жасады. Бірақ кінәлі ҚФФ. Ол жақта ұсақ-түйек дүниелерді басқара алмайды. Нақты бір нұсқаулық болу керек еді. Ненің істеуге болатыны, нені істеуге болмайтыны айтылған. 

Футболшы көптеген кемшіліктерді білмей, қиын жағдайға қалды. Менің білуімше, қазір ол осы мәселелерді шешіп жатыр. Ол Қазақстанға кіре алады", - деді журналист. 

Айта кетейік, 2019 жылы ҚФФ Меркель құжаттарымен қиындыққа тап болды деген еді. Ал шілде айында федерация футболшының тамағы ауырып қалуына байланысты құрамаға келе алмағанын айтты. 

27 жастағы Меркель Алматыда дүниеге келген. Бірақ жастайынан Германияда тұрады. Соңғы екі маусымда ол "Хераклес" сапында өткізді. Оған дейін австриялық "Адмира Ваккер", германиялық "Бохум", швейцариялық "Грассхопперс", ағылшындық "Уотфорд" және италиялық "Удинезе", "Дженао", "милан командаларында ойған. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті
24 наурыз 2023, 12:50
Ұлттық құрамалар
©goal.com Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатты

Жарнама

Жарнама