Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Бельгия құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Маруан Феллайни қытайлық "Шаньдун Лунэн" сапында хэт-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қытай чемпионатының бірінші турында оның командасы "Далянь Про" ұжымын 3:2 есебімен жеңді. Феллайни 79, 83 және 86 минуттарда гол соғып, хэт-триктің авторы атанды. Алаң қожайындары сапында 57 минутта Саломон Рондон, 93 минутта Маркус Даниэльсон көзге түсті.
33 жастағы Феллайни "Шаньдун Лунэн" сапына 2019 жылдың ақпан айында "МЮ" сапынан ауысты. Оның трансферлік құны сол кезде 10 миллион фунт болды. Өткен жылы жартылай қорғаушы Қытай біріншілігінде 22 кездесуге қатысып, сегіз гол соқты. Оның командасы бесінші орын алған еді.
Айта кетейік, наурыз айында Феллайнидің коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын. Ол қытайлық емханалардың біріне жатып, вирусты жеңіп шықты.
Негізі, Қытай біріншілігі 22 ақпан күні басталу керектұғын. Бірақ пандемияға байланысты біріншілік бес айға кешігіп басталды.
Жарнама