auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасы сапын тағы бір бразилиялық ойыншы толықтырды

Футзалдан Қазақстан құрамасы сапын тағы бір бразилиялық ойыншы толықтырды
"Қайрат" футзал клубының бразилиялық шабуылшысы Тайнан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Eurosport тілшісі Густаво Муньяна хабарлады.

Тайнанның ойнауға мүмкіндік алғанын Қазақстан құрамасының өкілдері де растап отыр. Ол ұлттық құрама сапына қосылған төртінші бразилиялық ойыншы. Қазіргі таңда құрама сапында қақпашы Игита мен қорғаушылар Лео мен Дуглас ойнап жүр.

Тайнан ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынына қатысып та үлгерді. Сенбі күні Украина құрамасына қарсы жолдастық кездесуде ойынға қатысты.

Бразилиялық ойыншы "Қайратқа" 2017 жылы ауысып келген болатын. Оған дейін Бразилия, БАӘ және Иран чемпионаттарында ойнаған. Ол Бразилия жастар құрамасының үздік ойыншыларының бірі болған.

Ойыншы Қазақстан құрамасымен бірге екі күннен кейін Словения елінің астанасы Люблянада өтетін Еуропа чемпионатына қатысады. Жарыс 30-қаңтар мен 10-қпан аралығында өтеді. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы "В" тобына түскен. Ресей және Польша құрамаларына қарсы ойнайды. Топтан плей-офф кезеңіне екі команда шығады.

Қазақстан құрамасының ойындарын "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді:

1 ақпан. Польша - Қазақстан (трансляция Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады)

3 ақпан. Ресей - Қазақстан (23:00)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербия астанасы Белградта өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама