Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

"Астана" футбол клубы Данияның "Мидтьюлланд" клубына қарсы қарымта кездесуде тең түсті.

"Астана" футбол клубы Данияның "Мидтьюлланд" командасына қарсы қарымта кездесуде тең ойнап, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.

Хернинг қаласында өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Ойыншылар гол соғып, көзге түскен жоқ. Дегенмен 19 минутта Жуниор Кабананганың тепкен добы қақпа сызығынан өткендей көрінген. Қақпашы Йеспер Хансен допты торға жеткізбей қайтарып үлгерді. Ал бас төреші Хуан Мартинес пен қапталдағы көмекшілері гол соғылғаны жайлы шешім қабылдаған жоқ.

Екінші тайм басында алаң иелері "Астана" қақпасы алдындағы қарбаласта гол соқты. Бас төреші бұл сәтте Ненад Эричке қарсы ойын ережесі бұзылғанын аңғарып, голды есепке алған жоқ. 79 минутта елордалық команданың қарымта шабуылы қарымды шыққан еді. Алайда Серікжан Мужиковтың тепкен добын Йеспер Хансен қайтарып үлгерді. 0:0 есебі сақталып, "Астананың" асығы алшысынан түсті.



Естеріңізде болса "Астана" өз алаңында өткен алғашқы ойында "Мидтьюлландты" 2:1 есебімен ұтқан болатын. Ол ойында елордалық ұжым сапында Ласло Кляйнхайслер дубль жасаса, дат командасы қатарынан Густав Викхейм бір голды еншісіне жазған-ды.

"Астана" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Хорватияның "Динамо Загреб" командасымен ойнайды. Алғашқы ойын 7 тамыз күні Астанада, қарымта кездесу 14 тамызда Загребте өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости