Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді

14 қарашада "Барыс" хоккейшілері "Шығыс" рейтингінде 11-ші тұрған "Амур" командасымен кездеседі.

"Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді
Сурет "Сибирь" ХК баспасөз қызметінен
"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ дәстүрлі чемпионатында "Сибирь" командасын қонақта жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 12 қарашада, Новосибирск қаласында өтті. 2:1 есебімен овертаймда қонақтардың пайдасына шешілді. Ойынның хаттамасымен мына жерден танысуға болады. 

Ойынның төртінші минутында қазақстандық клуб сапында өнер көрсететін швециялық сұрмерген Андре Петтерсон есеп ашты. 16-шы минутта "Барыс" қорғаушысы Даррен Дицаның соққан шайбасы есептелмеді. 

Ойынның дәл ортасында алаң иелері есепті теңестірді. Шабуылшы Дмитрий Саюстов көзге көріне білді. 

Кездесу барысныда "Барыс" шабуылшысы канадалық Мэтт Фрэттин мен команда капитаны Брэндон Боченский жарақат алып, әрі қарай жалғастыра алмады. 

Негізгі уақыт аяқталып, овертайм кезінде (64-ші минутта) астаналық клубтың шабуылшысы Кертис Волк кездесудің нүктесін қойды. Осылайша "Барыс" қатарынан үш ойында жеңімпаз атанды. 



Осы жеңістен кейін, қоржынында 39 ұпайы бары "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді. "Сибирь" 13 ұпаймен 12-ші орында. 

Ендігі кезекте "Барыс" үш рет өз алаңында ойнайтын болады. 14 қарашада "Шығыс" рейтингінде 11-ші тұрған "Амур" командасымен кездеседі. Кездесу Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости