Құрлықтық хоккей лигасы (
ҚХЛ) тұрақты чемпионат аясында өтетін ойындардың санын азайту үшін Лигада өнер көрсететін командалардың тізімін қысқартпақ, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі
Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ҚХЛ-да жалпы саны 29 ұжым бақ сынайды. Командалар санын 26-ға дейін қысқартпақ. Осылайша, келер маусымнан бастап хорватиялық "Медвешчак", ресейлік "Югра" және "Металлург" ұжымдары қатыспауы мүмкін.
Осы уақытқа дейін Құрлықтық хоккей лигасында жеті шетелдік командалар өнер көрсетіп келеді. Олардың ішінде елордалық "
Барыс" клубы да бар.
Жарнама