Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Ювентус" пен "Манчестер Ситидің" бұрынғы шабуылшысы Қазақстан клубтарынан ұсыныс болғанын айтып берді

Бірақ ол қаржылық себепке байланысты қытайлық клубтың ұсынысын қабыл алды.

"Ювентус" пен "Манчестер Ситидің" бұрынғы шабуылшысы Қазақстан клубтарынан ұсыныс болғанын айтып берді
©sportvictorine.livejournal.com
Туриндік "Ювентус" пен ағылшындық "Манчестер Сити" клубының бұрынғы шабуылшысы Валерий Божинов Қазақстан біріншілігіне ауысуға жақын қалғанын айтып берді, деп хабарлайды Sportal.bg

31 жастағы болгариялық футболшының айтуынша, оған Қазақстаннан бірнеше ұсыныс болған екен. Бірақ ол қытайлық клубқа ауысуды жөн санапты. Шабуышлы Қытайдың екінші дивизионында өнер көрсететін "Мэйчжоу Хака" командасымен "1+1" жүйесі бойынша келісімшарт жасаған. Бір маусым үшін Божинов жаңа командасынан бір миллион еуро алады. Одан бөлек, оның есімі жазылған әрдір жейденің сатылымынан түскен қаржының пайызын алып отырады. 

"Келісімшартты кеше Амстердамда жаздық. Ертең виза алып, келесі аптада Қытайға барамын. Жасырмаймын, бұл келісімшартқа көңілім толады. Келісімшарттың қаржылық жағы да көңілімнен шығады. Маған Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін командалардан ұсыныс болды. Бірақ мен Қытай командасының ұсынысынан бас тарта алмадым", - дейді Божинов. 

Айта кетейік, соңғы 1,5 жарым жылды Божинов белградтық "Партизан" сапында өткізді. Бұл уақыттың ішінде ол 67 кездесуге қатысып, 25 гол соқты. "Партизан" сапында шабуылшы Қытай клубы ұсынған жалақыдан он есе аз алған еді. 

Жалпы карьерасында ол "Лечче", "Фиорентину", "Ювентус", "Манчестер Сити", "Парму", "Спортинг", "Верону", "Виченцу", "Левски", "Терану" және "Партизан" секілді клубтардың намысын қорғаған. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
24 қаңтар 2017
10:01