Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Ақтөбе" клубына трансфер жасауға рұқсат бермеген соң бірнеше ойыншы командадан кетті

"Ақтөбе" клубына трансфер жасауға рұқсат бермеген соң бірнеше ойыншы командадан кетті.

"Ақтөбе" клубына трансфер жасауға рұқсат бермеген соң бірнеше ойыншы командадан кетті
Сурет "Ақтөбе" клубының ресми сайтынан алынды.
"Ақтөбе" футбол клубы мен бразилиялық қорғаушы Фабрисио Силва Дорнеллас ойыншының өтінуімен арадағы еңбек шартын үзді.

"Мен бұл қала мен клубты қимай кетіп бара жатырмын. Мені бұндай қадамға итермелеген бірнеше себеп бар: біріншіден, отбасылық жағдайыма байланысты; екіншіден, мен бұл жерден өзіме тиімді нәрсе көріп тұрған жоқпын – келісімшартқа отырарда маған команда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік беретін орындарға таласатын болады деген еді, ал шындығында 6 ұпайымызды алып тастаған себепті біз турнирлік кестенің соңында келе жатырмыз, ол ұпайлар қайтпауы да мүмкін. Мен Некомен де сөйлестім – оның қарыздарын жабу үшін ешқандай әрекет жасалынып жатқан жоқ. Енді міне екі трансферлік уақыт бойы ойыншыларды тіркеуге тыйым салынып отыр, оған қоса тағы да алты ұпайды алып тастайды деп айтып жатыр. Осындай кезде мен командада қала алмаймын. Клубқа маған артқан сенімдері үшін, жанкүйерлерге ыстық ықыластары үшін алғыс білдіремін. "Ақтөбе" менің жүрегімде қалады", - деп футболшының өзі бұл жағдайға байланысты пікір білдірді. 

Бұған дейін клубтың жартылай қорғаушысы Саша Марьянович те осындай жағдайларға байланысты клубтан кеткісі келетіні туралы айтқан еді. "Ақтөбе" басшылығы футболшының командада қалуы үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
24 қаңтар 2017
10:01