auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

"Астана" футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды
cbcsport.tv
"Астана" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне украиналық маман Роман Григорчук келді. Жаңа бапкерді Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде клуб президенті Саян Хамитжанов таныстырды.

Клуб пен жаттықтырушы екіжылдық келісімшартқа қол қойған. Ал Станимир Стойловтан кейін команданы жаттықтырған Григорий Бабаян бас жаттықтырушының бірінші көмекшісі болып қала береді.

Роман Иосифович үш түрлі клубпен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан өте тәжірибелі маман. Латвияның "Венспилс", Украинаның "Черноморец" және Әзірбайжанның "Габала" (екі рет) клубтарын осы бір еурокубок додасында алға сүйреген. 2013/2014 жылғы маусымда одессалық клубпен аталмыш турнирдің 1/16 финалына жолдама алған.

Одан бөлек украиналық маман үш мәрте Латвия чемпионатында топ жарып, екі мәрте Балқан түбегі елінің кубогында жеңіске жеткен. Сондай-ақ Әзірбайжан чемпионатында екі рет күміс, екі рет қола жүлдені жеңіп алған.

Ал жекелей марапатқа келер болсақ, Григорчук үш мәрте Латвияның үздік жаттықтырушысы атанған. Украина және Әзірбайжан елдерінде де бір-бір реттен осы жетістікке қол жеткізген.

Роман Иосифович Григорчук

Туған күні: 22/03/1965 (53 жаста)
Азаматтығы: Украина
Білімі: жоғары
Жаттықтырушылық лицензиясы: PRO UEFA
Футболшы ретіндегі еңбек жолы: 1988 – 2000 жылдары мына клубтарда ойнаған: "Прикарпатье" (Ивано-Франковск), "Санкт-Пельтен" (Австрия), "Петрохимия" (Польша), "Сатурн" (Раменское, Ресей), "Кривбасс" (Украина), "Динабург" (Латвия)
 
Жаттықтырушы ретіндегі еңбек жолы:

1999-2005 "Динабург" (Латвия)
2005-2009 "Венстпилс" (Латвия)
2009-2010 "Металлург" (Запорожье, Украина)
2010-2014 "Черноморец" (Одесса, Украина)
2014-2018 "Габала" (Әзірбайжан)
 
Жетістіктері:

2006, 2007, 2008 Латвия чемпионы
2005, 2007 Латвия кубогының иегері
2006, 2007, 2008 Латвияның үздік бапкері
2012/13 Украина кубогының финалисті
2012/13 Украинаның үздік бапкері
2014/15, 2015/16 Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері
2016/17, 2017/18 Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
2016/17, 2017/18 Әзірбайжан Кубогының финалисті
2015/16 Әзірбайжанның үздік бапкері

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан жылдары:

2009/10 "Вентспилс" (Латвия)
2013/14 "Черноморец" (Одесса, Украина)
2015/16, 2016/17 "Габала" (Әзірбайжан)
2013/2014 жылғы маусымда "Чернаморец" (Одесса) клубымен УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алған
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама