auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайраттың" бас бапкері қандай жағдайда қызметінен кетеді?

"Қайраттың" бас бапкері қандай жағдайда қызметінен кетеді?
Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды.
Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Карлос Алос Феррер жазда қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz порталы жазып отыр. 

Басылымның мәліметі бойынша, испаниялық маман "Қайрат" Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алмаса, қызметінен кетеді. Бас бапкерлік қызметті оның орның украиналық маман Роман Пилипчук басуы ықтимал. 

Қазіргі уақытта Пилипчук мәскеулік "Спартак" клубының бас бапкері көмекшісі қызметін атқарып жатыр. "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұқбатында маман клубтан кетіп, өз бетінше бапкер болып жұмыс істейтінін туралы айтып берген. 

Футболшы ретінде Роман Пилипчук ьщик" (Иваново), "Динамо" (Мәскеу), "Спартак" (Владикавказ), "Маккаби" (Израиль) және "Металлург" (Донецк) секілді клубтардың намысын қорғаған. 

Айта кетейік, Феррер "Қайрат" тізгінін 2017 жылдың шілдесінде грузиялық маман Кахабер Цхададзе кеткеннен кейін ұстады. Испаниялық маманның бастамасымен клуб өткен жылы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері атанып, Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. 14 кездесудің 13-де жеңіске жетсе, бір кездесуде қарсыластарымен тең түсті. 

Феррер "Қайрат" сапындағы бірінші жеңілісіне 2018 жылы "Астана" клубына қарсы Қазақстан Суперкубогінде тапты. Ол кезде алматылық ұжым 0:3 есебімен жеңілген еді. Оның "Қайратпен" 2019 жылғы маусымның аяғына дейін жасалған келісімшарты бар. 

Биылғы маусымда "Қайрат" ел біріншілігінің жеті турынан кейін 17 ұпай жинап, турнир кестесінде "Астанадан" бес ұпай қалып, екінші орында келеді. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама