Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Қазақстандық Месси" Сейдахмет "Уфаға" тегін бұйырды - БАҚ

Сейдахмет жаңа командасының сапында оныншы нөмермен өнер көрсететін болады.

"Қазақстандық Месси" Сейдахмет "Уфаға" тегін бұйырды - БАҚ
Еркебұлан Сейдахмет. Сурет: allufa.ru
Ресейлік "Реальное время" интернет-газеті қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің ресейлік "Уфа" сапына ауысқан трансфері туралы бірнеше деректі жариялады. 

Сейдахметтің "Уфа" сапына ауысқаны туралы ресми 12-ақпан күні белгілі болды. Ресейлік клуб қазақстандық шабуылшымен ұзақ мерзімге келісімшарт жасаған. "Уфа" клубы отандасымызды оныншы нөмірмен тіркеді. 

Басылымның мәліметі бойынша, Сейдахмет ресейлік клубқа тегін бұйырған екен. 

"Қаржылық жағдайы керемет емес "Уфа" қысқы үзіліс кезінде трансферде белсенді болмады. Бірақ "қазақстандық Месси" Еркебұлан Сейдахметті қатарларына қосып, жанкүйерлерді біраз шулатты. Құпияға толы бұл трансфердік соңында Еркош (№10) уфалық клубқа тегін бұйырып, бүкіл Қазақстаннды шулатты. Сергей Семак командасының жанкүйерлері біршама көбейіп қалды", - деп жазады басылым. 

"Уфа" клубы сапына Сейдахмет қаңтар айының ортасында қосылған болатын. Ол уақыттан бері қазақстындық шабуылшы Кипрде екі оқу жаттығу жұмысына да қатысып үлгерді. 4-ақпан күні 18 жасқа енді толғанына байланысты келісімшартқа бірден қол қою мүмкін болмады.

Бір айдың ішінде Сейдахмет "Уфа" сапында төрт жолдастық кездесу өткізді. Ларнакалық "Алки" командасымен (7:0) өткен жолдастық кездесуде Сейдахмет алғаш гол салып көзге түсті. Одан кейін польшалық "Висла" (1:0) командасымен бір тайм ойнаса, ал чехиялық "Слован"(2:3)командасымен  өткен ойында нәтижелі екі пас беріп, бірінші рет 90 минут ойнап шықты. Латвияның бұрынғы чемпионы "Лиепая" (0:0) командасымен де ойын соңына дейін ойнап шыққан.






Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
24 қаңтар 2017
10:01