Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Давид Лория "Ертістен" кеткені туралы хабарлады

Ол павлодарлық клубтың капитаны болған еді.

Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория павлодарлық "Ертістен" кетті. Бұл жаңалықты қақпашы өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Павлодарлық клуб сапында Лория 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Ол тіпті команданың капитаны да болды. Сондай-ақ бағана күзетші 2011 және 2012 жылғы маусымда да "Ертіс" сапында ойнады. 

"Ертістен" кетіп жатқаным туралы хабарлағым келеді. Клуб басшылары маған өздерінің шешімдерін айтты. Мен оны абыроймен қабылдаймын. 

Ертелі-кеш "Ертістен" кететінімді білдім. Мен бұған дейін де Павлодардан кеткен еді. Ол кезде маған шет елдік клубтан ұсыныс түскен. Ол жолы да мен "Ертісті" қимай кеткен едім. Бұл жолы командадан кету тіпті қиын. Дегенмен де мен бұл шешімді лайықты қабылдаймын. Өйткені, бұл клуб сапында мен карьерамның көп бөлігін өткіздім. 

Павлодардағы менің еңбегім жемісті болды деп ойлаймын. Екі рет ел біріншілігінің қола жүлдесін, бір рет күміс жүлде жеңіп алдым. Үш рет ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделдім. 

Бұл жылдарда маған қолдау білдірген қалаға және жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. "Ертіс" клубына және жанкүйерлерге жеңіс тілеймін. Бұл отбасының бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Командада өткізген барлық сәттерді ұмытпаймын. Павлодар - менің жүрегімде мәңгі қалады", - деп жазды Лория әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
24 қаңтар 2017
10:01