auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жуков Қазақстан құрамасы сапында ойнауға келісімін берді

Жуков Қазақстан құрамасы сапында ойнауға келісімін берді
©fckairat.com
Жуырда ғана алматылық "Қайраттың" сапына ауысқан Георгий Жуков футболдан Қазақстан құрамасы сапында ойнауға өз келісім берді. Бұл туралы футболшы "Қайрат" клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты. 

Семей жерінде дүниеге келген футболшы бұған дейін  Ресей не Бельгия құрамасы сапында ойнаймын деп сенделіп жүрген еді. Енді 22 жастағы футболшы нақты шешімге келіпті. 

"Осы уақытқа дейін менің тарапыма кереғар пікірлер көп айтылған. Басылымдар да, жанкүйерлер де мені талай сынады. Мен ол кезде "Стандарт" клубы тиесілі еді. Сол үшін бельгиялық клуб президентінің айтқанымен жүріп келдім. "Астанада" да дәл солай болды. Бұл футболдағы қалыпты жағдай. Қазір менің ешкімнің алдында, ешқандай міндетім жоқ. Бұл шешімді қабылдар алдын алдымен әке-шешеммен ақылдастық. Содан кейін Қайрат Боранбаевпен кеңестім. Сөйтіп, мен Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетемін деген шешімге келдім. Менің анам Қазақстанның азаматы, ал әкем Ресей азаматы. Бірақ барлығымыз Қазақстанда дүниеге келгенбіз. Демек менің Қазақстан құрамасы үшін ойнауға құқығым бар. Егер мені алдағы уақытта Қазақстан құрамасына шақыратын болса, мен жан-тәнімді беріп ойнаймын", - дейді Жуков. 

2014-2015 жылдары Жуков "Астана" сапында ойнап жүрген кезде ұлттық құрамамыздың сол кездегі бас бапкерлері Мирослав Беранек пен Юрий Красножан бұл футболшыны шақыртқан еді. Алайда ол кезде Георгий Қазақстан құрамасы үшін ойнаудан бас тартқан болатын. 

Айта кетейік "Қайрат" клубының президенті Қайрат Боранбаев Георгий Жуковты команда қатарына "ұлттық құрамаға ойнайсың" деген талаппен шақырған болатын. Футболшы негізі сол кездің өзінде бұл шартпен келіскен. Алайда бүгін бірінші рет ресми түрде өзі ойнайтынын растады. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама