Ел біріншілігінде өнер көрсететін "Ақтөбе" клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Хуан Мануэль Торреспен келісім-шарт жасады, деп хабарлайды
Vesti.kz.
31 жастағы футболшымен еліміздің бес дүркін чемпиондары бір жылдық келісім-шарт жасаған екен.
Айта кетейік, Чако Торрес соңғы рет Еуропа жерінде "Металлист" сапында ойнаған еді. Харьковтік клуб сапында 45 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Оның алдында "Расинг" (Авельянеда), "Сан-Лоренсо де Альмагро" командаларында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушының соңғы клубы аргентиканлық "Атлетико" командасы болған еді. Бірақ, бұл клубтың сапынта ол небәрі 5 ойынға ғана қатысты.
Сондай-ақ Чако Торрес Лионель Месси, Серхио Агуэро және Пабло Сапалета сынды әлем футболының жарық жұлдыздарымен Аргентина жастар құрамасы сапында бірге ойнап, 2005 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.
Жарнама