auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайрат" жанкүйелері Елдос Ахметовтың әрекетіне наразылығын білдіріп жатыр

"Қайрат" жанкүйелері Елдос Ахметовтың әрекетіне наразылығын білдіріп жатыр
©©fckairat.com
"Қайрат" жанкүйерлері Vesti.kz порталының тілшісіне алматылық клубтың қорғаушысы Елдос Ахметов пен жанкүйерлердің бірі "Ертіске" қарсы ойыннан кейін сөзге келіп, жанжалдасып қалғанын айтып берді. 

Матч соңынан кейін "Қайрат" футболшылары жанкүйерлерге алғыс айту үшін стадионды айналып өтті. Сол кезде Ахметов клуб жанкүйерлерінің бірімен жанжалдасып қалды. Төбелестің алдын "Қайраттың" өзге футболшылары алыпты. 

"Елдостың бұл қылығы дұрыс емес. Саған не айтса да, жанкүйерді жекпе-жекке шақыру орынды болмады. Мен болған жәйтті толық көрдім деп айта алмаймын. Бірақ ойыннан кейін жанкүйерлердің бірі оған эмоциямен бір сөз айтып қалды. Ол жанкүйер "Қайраттың" ресми жанкүйерлер тобына кірмейді. Ахметов тоқтай алмай, жанкүйерге қарай бет алды. Кішігірім қақтығыс болды десе де болады. Елдос оған жекпе-жекке шығуды ұсынды. Жанкүйер сабырлы екен. Жекпе-жектен бас тартты. Бұл кезде біз командамен сөйлесіп жатыр едік. Сондықтан болған жәйтті егжей-тегжейлі айтып бере алмаймын", - дейді осы жағдайды көрген куәгерлердің бірі, "Алатау-Фанс" жанкүйерлер тобының мүшесі Ислам Азанбаекиев. 

Бұл жағдай 11 сектордық қасында болған. Осы жерде болған "Қайраттың" FanRegion05 жанкүйерлер тобының мүшесі Әлім Дінасылов болған жағдайды толық көргенін айтады. 

"Матчтан соң біздің сектордың жанында бір ер азамат футболшыларды күтіп тұрды. Ол Марковичті, Арзоны, Сүйімбаевты және Плотниковты мақтап тұрған. Солардан кейін Ахметов келді. Сол кезде ол ер азамат Ахметовке қарай "өт сөндіруші", - деп айқайлады. Ал Елодос болса жауап ретінде бірнеше сөз айтты. Жанкүйер болса: "Сен тек сөзбен ғана бірнәрсе істей аласың", - деді. Ахметов осы кезде ашуланып, қоршаудан асып, жанкүйерге қарай жүгіре бастады. Бірақ оны Плотников мен Сүйімбаев ұстап қалды. Әрине, жанкүйерлер әр кез қолдап жүрген футболшылардан мұндай әрекетті көрген жаман", - дейді Дінасылов. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама