Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Ордабасының" лидері екі ойыннан шеттетіліп, "Шахтерге" айыппұл салынды
Сурет: ҚФФ
"Ордабасы" футбол клубының ойыншысы Абдулла Диакате қарсыласына дөрекілік көрсеткені үшін алдағы екі ойыннан шеттетілді. Мұндай шешімді Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті (ТБК) шығарды.
Сенегалдық футболшы Қазақстан біріншілігің үшінші туры барысында "Шахтерге" қарсы кездесуде қарсыласына дөрекілік көрсетіп, бейәдеп сөз айтқаны үшін жазаланып отыр. Шешім 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ ТБК бес ойыншысы ескерту алғаны үшін "Шахтер" футбол клубына 27 АЕК (277 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
Еске салайық, аталған ойын 1 шілде күні Шымкент қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Бұл ойынның 75-минутында Диакате алаңнан қуылған болатын.
Жарнама