auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Футболдан ел біріншілігінің ойындары Шымкентте өтуі мүмкін

Футболдан ел біріншілігінің ойындары Шымкентте өтуі мүмкін
Сурет: ҚКПЛ
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футбол маусымын жалғастыруға дайындық мақсатымен Шымкент қаласындағы спорттық кешендерді арнайы тексерістен өткізді.

Футболдан Қазақстан Чемпионатының жалғасы және Бірінші лига клубтары арасындағы Біріншіліктің басталуы әр жарысқа тиесілі бір локацияда өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар Екінші лига клубтары арасындағы жарыс бір қалада және қысқа уақыт ішінде өткізілуі мүмкін. 

Тізімге енген қалалардың ішінде Шымкент қаласындағы спорттық кешендердің футбол инфрақұрылымы қарастырылуда. ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев қаланың логистикалық мүмкіндіктерін зерттеу мақсатымен шырайлы шаһарға сапар жасады.

Қажымұқан атындағы орталық стадион футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын өткізуге рұқсат алған арена. Бұл стадион арнайы санитарлық ережеге сай келеді.

Қала сыртында орналасқан «БИІК-Тассай» футбол орталығының тамаша спорттық инфрақұрылымы бар, бірақ аталған кешеннің кейбір алаңдарынан тікелей көрсетілімдерді ұйымдастыруға техникалық жағдай жасалмағандығы анықталды.

"БИІК" футбол базасына тиесілі Шымкент қаласында орналасқан тағы бір стадион ойындарды қабылдауға дайын, алайда бұл аренада да ҚКФЛ Техникалық регламентінің тікелей көрсетілімдерді ұйымдастыруға қатысты кейбір шарттарға жауап бермейтіні анықталды.

"Бұл стандартты тексеріс, себебі шымкенттік стадиондардың алаң сапасы бізге белгілі. Ел ішінде орын алған жағдайға байланысты ҚКФЛ Әкімшілігі футбол маусымын жалғастырудың барлық жолдарын қарастыруда, сол себептен Шымкент қаласының қазіргі уақыттағы логистикалық мүмкіндіктерді зерттеу біз үшін маңызды болды. Шымкент көп көлемде футбол командаларын қабылдауға дайын ба? Қаладағы стадиондардың инфрақұрылымы тікелей көрсетілімдерді ұйымдастыруға қолайлы ма?  Тексеріс барысында жиналған ақпарат ҚКФЛ Әкімшілігімен өңделеді де, Лига ойластырып жатырған маусымды жалғастырудың жобаларында қарастырылады", - деді ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама