auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Стойлов Лав пен Әліптің болашағы туралы ойымен бөлісті

Стойлов Лав пен Әліптің болашағы туралы ойымен бөлісті
Станимир Стойлов. Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы мен елордалық "Астана" клубының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Вагнер Лавтың "Қайратқа" ауысуы туралы және Нұралы Әліптің болашағы жайлы айтып берді. 

"Мен футолшының жасы маңызды емес екенін айтқанмын. Ол 18-де ме, 36-да ма бәрібір. Бастысы оның деңгейі мен физикалық дайындығы жоғары болса болды. Патрик (Твумаси) пен Неманья (Максимович) бізге келгенде жастары небәрі 18-де еді. Бірақ олар ойнауға дайын болды. Постниковтің жасы 32-де. Алайда ол әлі күнге дейін жақсы ойнайды. Аршавин мен Тимощукті қараңыздар. "Қайратқа" келгенде олар да жас емес еді. Қазақстанда өз деңгейлерін көрсетті. 

Вагнер - керемет футболшы. Ресейде жоғары деңгейін көрсетті. Сондықтан оның ойынына ешқандай сұрақ болмау керек. Дегенмен де, мен оның ойынын көрмегелі біраз болды. "Қайратқа" көмектесетін шығар деп ойлаймын", - деді бапкер. 

Еске салайық, Лав "Қайрат" сапына еркін агент ретінде ауысқан болатын. Алматылық клуб сапында ол тоғызыншы нөмірмен ойнайды. 

Нұралы Әліптің болашағына байланысты бапкер былай деді: 

"Біз оны 18 жасында жайдан-жай ұлттық құрамаға шақырған жоқпыз. Мұның өзі көп нәрсені айтатын шығар. Оның жақсы тұстары да бар. Бірақ әлі көп жұмыс істеу керек. Ол жоғары деңгейде ойнай алады. Ол үшін Қазақстан біріншілігінен кету керек". 

Еске салайық, оыс аптада Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліпке Ресей және Еуропа клубтары қызығушылық білдіріп отырғаны хабарланды. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама