Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі үшін рекорд гонорар алады - инсайдер

Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі үшін рекорд гонорар алады - инсайдер
© Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы IBF титулына үміткер украиналық Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі үшін рекорд гонорар алады. Бұл туралы The Athletic журналисі мен инсайдер Лэнс Пагмайер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Деревянченко бастапқыда мексикалық Сауль Альвареспен келіссөздер жүргізген. Алайда екі тарап межеленген уақытқа дейін келісіп үлгермеді, осылайшы Альварес IBF титулынан айырылып қалды.


Сыбыстарға сенсек, Деревянченко жекпе-жектен жеті миллион доллар көруге ниет білдірген, ал Канело тарапы екі милионға аз гонорар ұсынған. Қаржылық келіспеушіліктер келіссөздің бұзылуына себеп болды деп хабарланған.


Ал Альварестің айтуынша, промоутерлері оған келіссөз жайлы егжей-тегжей ақпарат бермеген.


Енді IBF атағы бос тұрған соң, Деревянченко рейтингтегі келесі боксшымен кездесуі тиіс, ол - Головкин. Боксшылар командасы қазанда болатын жекпе-жекке байланысты DAZN-да келіссөздер жүргізіп жатыр.


Пагмайердің ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін украиналық боксшы 5,5 миллион доллар рекорд табыс табады. Бұған дейін Деревянченконың ең ірі гонорары 500 мың доллар болған.


Айта кетейік, Головкин 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін IBF титулының иегері болған. Бірақ ол Деревянченкомен жекпе-жектен бас тартқаннан кейін ұйым оны тартып алды. Нәтижесінде қазан айында украиналық боксшы америкалық Дэниэл Джейкобстан жеңіліс тапты. Мамырда IBF белбеуі басқа спортшыға өтті: Джейкобс Альварестен жеңіліп қалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости