auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Денис Тен қаза тапқан орынға алматылықтар әлі гүл апарып жатыр

Денис Тен қаза тапқан орынға алматылықтар әлі гүл апарып жатыр
©Андрей Зайцев
"Бізді өзгерткен бейсенбі", "Бейсенбі барлығымыз үшін қара күн", "Кешір Денис, қош бол, Денис!", "Аза тұтамыз және есте сақтаймыз, сен біздің чемпионсың... Мәңгілікке...".

Спортшы, халық сүйіктісі және жай ғана жарқын адам 19 шілде қайтыс болған еді. Белгісіз біреулер Денис Тенді күндіз Алматының қақ ортасында өлтіріп кетті. Ел уайымдап, жылады... Ал Қазақстанмен бірге бүкіл әлем жылады. Бірі қайғысын ешкімге көрсетпесе, екіншісі әлеуметтік желілерде ашулы жазбалар жазды. Ешкім бей-жай қалмады.

Қайғылы оқиғадан кейін алматылықтар Денис Тен қаза тапқан орынға гүл, жұмсақ ойыншықтар әкеліп, суретінің алдында шам жаға бастады.

Tengrinews.kz тілшісі апаттан кейін екі апта өтсе де, әлі күнге дейін қайғы-қасірет тоқтамағанына көз жеткізді. Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысына әлі де адамдар келіп, суреттерге қарап көз жасын тыя алмайды.



"Әлі күнге дейін адамдар гүл, шам алып келеді. Қыздар ұзақ жылап тұрады. Бірақ не істеуіміз керек, қалай жыламасқа? Еліміз үшін орны бөлек баланы жоғалтып алғанымыз үшін қайғымен өмір сүріп жүрміз. Оны жеке танымасақ та, мақтанамыз. Қайтыс болғалы бері осында күнде келемін, күнде жылаймын...", - деді алматылық тұрғын Бақытгүл Искенова.



Денис Тенге шабуыл жасалған спорт алаңның маңы қазір гүлдерге толы. Бірі әлдеқашан солып қалған, екішісі жап-жаңа, ал үшіншісі оны алып тастамайынша тұра береді, себебі алматылықтар жасанды гүл де алып келген.



Мұнда спортшының үлкен қара-ақ портреті де пайда болыпты. Онда "Скорбим..." деп жазылған.



Қайғының көрінісі ретінде бірі қара коньки, келесісі қоштасу хатын қалдырып кетіпті. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Иероглифпен жазбалар да кездеседі.







"Мен Денисті 2016 жылдан бері білемін. Оның жетістігін әрдайым бақылап отыратынмын, ол маған жақын болған, мәнерлеп сырғанауды қатты жақсы көремін. Оқиға болған кезде бұл мен үшін сондай қайғы еді, жақынымды жоғалтқандай болдым. Білесіз бе, мен мұнда жиі келіп, суреттерге қарап тұрамын. Қандай баланы жоғалттық, бүкіл Қазақстан жоғалтты...", -  дейді көзі жасаурап  Галина Абдрахимова.





Алмалы ауданының әкімдігінде мәнерлеп сырғанаушыға арнап қайтыс болған жерге ескерткіш немесе мемориал салу мәселесі қаралып жатыр.

"Қазір нақты айту қиын. Бірақ онда Денис Тенге арналып қандай да бір еске алу нысаны болады. Бұл мәселені әкімдік Денистің отбасымен шешеді", - деді аудан әкімі Жасұлан Естенов.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама