auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Корея құрамасы Денис Тенмен қоштасу үшін Қазақстанға келеді

Мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Корея құрамасы Денис Тенмен қоштасу үшін Қазақстанға келеді
© 24.kz

Кеше кешке Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігіне жүзден аса адам барды, олар миллиондаған адамның жүрегін жаулап, сүйіктісі бола білген Денис Тенді еске алды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даңқты спортшының өмірден өткені туралы хабар Кореядағы қазақстандықтарды ғана емес, Корея азаматтарын да есеңгіретіп тастады.

Дениске арналған кешке мәнерлеп сырғанаудан Корея ұлттық құрамасындағы досы Ким Чжин Со келді. "Бүкіл құрама бұл оқиғаға қатысты қайғырып, Денистің туған-туыстарына жын жүректен көңіл айтады", - деді спортшы. Сонымен қатар, ол жерлеу рәсіміне қатыса алмағандықтан Денис Тенмен қоштасу үшін кореялық құраманың Қазақстанға келуге ниетті екенін жеткізді.

Денисті еске алу кешіне кореялық танымал блогер Мин Кен Хва келді. "Қазақстан мен Корея ұлы чемпионнан айырылды. Денис пен оның атасы Корея мен Қазақстанның ұлы батырлары", - деді блогер. Денис Тенге арналған кешті KBS және Korea Herald сияқты ұлттық телеарналар мен газеттер жариялады.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денисті өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды. Олар: Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов. Екеуі де қылмысты мойындады және оқиға кезінде Денис Тен екенін білмегендерін айтты.

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Кеше, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды

Жарнама

Жарнама