Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) ерекше жанкүйері пайда болды. Жеті жастағы Адам GGG жекпе-жегін көріп, бокспен шұғылдана бастаған.
Адам Нью-Джерси қаласында тұрады, бокспен бір жарым жылдан бері айналысып келеді. Ол Instagram желісінде Baby_Golovkin нигімен тіркеліп, белсенді түрде суреттер мен видеолар жүктеп тұрады. Жаттығу залына келуге оны Головкин жігерлендірген.
"Менің бокстағы кумирім жейдемде бейнеленген, ол маған үлкен жетістікке жету үшін ерінбей-жалықпай; жігермен, дайындалу керектігімді еске салып тұрады", - деп жазды Адам өз парақшасында.
Жас мөлшеріне қарамастан, бала Адам аптасына алты рет дайындыққа барады. Оның жеке ректорды 10 секундта 55 соққы жасаған, бұл дегеніміз өзімен жасты балалардың арасында ең үздік көрсеткіш.
Адам жаттығу залына барып жүріп, үш айдың ішінді бірінші разрядты алған. Жаттығу кезінде ол өз кумирінің істеген әрекеттерін қайталайды.
"Головкин секілді соққылар жасаймын", - деп бөлісті Адам.
Адамның өзінің Мэтью Гонсалес есімді жеке бапкері бар, ал оның басты фанаты өз әкесі. Оның қарындасы мен төрт жасар Бруно деген иті бар. Бала мотоциклдерге де қызығады екен.
"Кішкентай GGG өз отбасымен бірге сіздерге Рождество мерекесімен құттықтайды", - деп жазды ол.
Жарнама