auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Криштиану Роналду егіз баласының суретін жариялады

Криштиану Роналду егіз баласының суретін жариялады
Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті, - деп хабарлайды LIFE.ru.

Балалар маусым айының басында дүниеге келген. Ал кеше Роналду Конфедерация кубогының қарсаңында екі баласы дүниеге келгенін растаған болатын.

Кеше Роналду Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының жартылай финалында Чили құрамасына қарсы ойнады. Ойынның негізгі және қосымша уақыттары 0:0 есебімен тең аяқталды. Сөйтіп, матч соңындағы пенальтиде Португалия құрамасы 3:0 есебімен жеңіліп, турнирдің финалына шыға алмады.

Осы ойыннан кейін Роналду келесі ойынға қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол матчтан соң турнир алдында екі баласының дүниеге келгенін хабарлады.

"Дүниеге екі ұлымның келгеніне қарамастан Ұлттық құрамамыздың Конфедерация кубогында сәтті өнер көрсетуі үшін бар күшімді салдым. Өкініштісі біз алдымызға қойған мақсатқа жете алмадық. Бірақ алдағы уақытта португалиялық жанкүйерлерді әлі талай қуантамыз деген сенімдемін. Ойыннан кейін Португалия футбол федерациясының президенті мен құраманың бас бапкері маған жантебірентер сөз айтты. Бұл ешқашан менің есімнен шықпайтын шығар. Ұлдарыммен бірінші рет кездесетініме өте қуаныштымын", - делінген Роналдудың Фейсбукта жасаған мәлімдемесінде.

Мұның алдында Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын, оған балаларды суррогат ана босанып бергенін Португалияның SIC телеарнасы хабарлаған болатын. БАҚ мәліметі бойынша, 8 маусымда дүниеге келген қыз бен ұлға Матео және Ева деген есімдер берілгені айтылған еді.

Ол кезде футболшының өзі және оның өкілдері бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Алайда көптеген португал және испан БАҚ-тары осы жаңалықты таратып жатты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама