auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин Деревянченконы жеңді

Головкин Деревянченконы жеңді
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Геннадий Головкин бірінші раундта украиналық Сергей Деревянченконы нокдаунға жіберді. Десе де Деревянченко орнынан тұрып, ұрысты жалғастыра алды. 12 раундқа созылған жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берді.


Мұның алдында Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко Нью-Йоркте ресми түрде жекпе-жек алдында көз арбасқан еді. Салмақ өлшеу рәсімінде 37 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласынан 90 грамм ауыр болып шықты - 72,211 келі, ал украиналық 72,121. Екеуі де орта салмақ лимитінен аспады (72,574 келі). 

Орта салмақта IBO белбеуін соңғы рет иеленген Головкиннің өзі болатын, бұл титулды ол 2011 мен 2018 жыл аралығында таққан. Ал IBF белбеуін қазақстандық боксшы 2015-тен 2018-ге дейін иеленді. Сонымен бірге, GGG 2010 бен 2018 жыл аралығы WBA, ал 2016-дан 2018 жылға дейін WBC чемпионы болған.

IBO белбеуі кәсіпқой бокстағы беделдігі жағынан бесінші орында. Мәселен, абсолют чемпион атану үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF титулдары жеткілікті.

Енді Головкин Альвареспен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Айта кетелік, қос боксшы осыған дейін екі рет шаршы алаңда жұдырықтасқан. Олардың бірінші кездесуі 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жылдан соң төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берген еді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама