auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Асхат Жіткеев дзюдо федерациясының басшысы міндетін атқарады

Асхат Жіткеев дзюдо федерациясының басшысы міндетін атқарады
©olympic

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысынан кейін ҚДФ бас хатшысы Асхат Жіткеев президент міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz

Өз кезегінде Қайрат Қожамжаров отандық дзюдо қауымдастығына алғысын білдірді. 

"Дзюдо федерациясының президенті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуыма байланысты барлық қазақстандық дзюдошыларға, жаттықтырушыларға, федерация менеджерлеріне, Дзюдо деп аталатын үлкен отбасымызға шынайы алғысымды білдіремін!

Сіздермен бірге жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде жоғары кәсібиліктің және жаттықтырушылар мен спортшылардың күш-жігерінің арқасында жоғары жетістіктерге қол жетті.

Халықаралық турнирлерде 400-ден астам медаль жеңіп алдық. 2019 жылы 16 салмақ дәрежесінде әлемнің 61 елінен 462 спортшының қатысуымен ұлдар мен қыздар арасында әлем чемпионаты сәтті өтті.

2021 жылдың қорытындысымен медальдар саны бойынша Қазақстан IJF халықаралық рейтингінде 5-орынды иеленді.

2021 жылы біздің Елдос Сметов Токио-2020 XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Сіздерге бірлескен табыстарымыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін! Сіздерге жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін!

Ұжымға одан әрі даму мен ырыс-береке тілеймін!", - делінген арнайы хабарламада.

Қайрат Қожамжаров 2018 жылдың 23 қазанынан бастап Қазақстан дзюдо федерациясының президенті қызметін атқарып келді. Федерацияның жаңа президенті арнайы Конференцияда сайланатын болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама