Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақ дзюдошылары Абу-Дабидегі әлемдік додаға қатысады

27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде әлемдік "Grand Slam" кезеңі өтеді.

Қазақ дзюдошылары Абу-Дабидегі әлемдік додаға қатысады
IJF
Дзюдодан 27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде әлемдік "Grand Slam" кезеңі өтеді. Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додада қазақ дзюдошылары да бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Бакуде өткен әлем чемпионатына қатысты. Ерлер арасында 66 кг салмақ дәрежесінде Ерлан Серікжанов күміс медаль еншіледі. Әйелдер арасында Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) қола жүлдегер атанды. Екі дзюдошы да Абу-Дабидегі жарысқа қатысады. Галбадрах қыздар арасында еліміздің атынан жалғыз өзі барады.

Ерлер арасында еліміздің ең мықты дзюдошылары жарыс жолына шығады. 60 кг салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жүлдеге таласады. Дзюдошы Джакартада өткен Азия ойындары кезінде жарақат алып қалған еді. Нәтижесінде әлем чемпионатына қатыса алмады. Сондай-ақ Абу-Дабиде бұл салмақта танымал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев та бақ сынайды.

66 кг-ға дейінгі салмақта Ерлан Серікжановтан өзге Елдос Жұмақанов та барады. -73 кг салмақта Әлемдік Гран При кезеңінің қола жүлдегері Бекәділ Шаймерденов бақ сынайды.

Абу-Даби татамиінде ел намысын қорғайтын кіл мықты дзюдошылар қатарында Дидар Хамза (-81 кг), Ислам Бозбаев (-90 кг), Азиз Қалқаманұлы (-90 кг), Әділхан Қозыбаев (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) және Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости