Бүгін, 20 ақпанда астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз мұз айдынында "Шанхай айдаһарларымен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді және Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Қазақстандық және қытайлық клуб арасындағы матчтың тікелей трансляциясы мына сілтеме арқылы қолжетімді болады.
"Барыс" 58 матч өткізіп, 45 ұпай жинады. Михаил Кравец шәкірттері ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында 10-орында, яғни соңғының алдындағы сатыда келеді.
Ал "Шанхай айдаһарлары" (Куньлунь Ред Стар) 57 ойыннан кейін 49 ұпайға ие. Команда Батыс конференциясында 11 клубтың ішінде 9-орында орналасқан.
Жарнама