Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Сырт мұзайдында "Йокеритті" ұтқан барыс ҚХЛ-де қатарынан төртінші жеңіске жетті

Ойын Хельсинкиде өтті.

Сырт мұзайдында "Йокеритті" ұтқан барыс ҚХЛ-де қатарынан төртінші жеңіске жетті
© "Барыс" ХК
Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында сырт айдында финляндиялық "Йокеритті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хельсинкиде өткен ойын қонақтардың пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. "Барыс" форварды Корбэн Найт төртінші минутта командасын алға шығарған. Бірінші кезеңнің аяқталуына 38 секунд қалғанда Ессе Йоэнсуу шайба салып, таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде көрермендер бір ғана шайба көрді. 26-минутта "Барыс" шабуылшысы Никита Михайлис әдемі комбинацияны голмен аяқтады.

Үшінші кезеңде де "Барыс" қана есепті өзгертіп отырды. 55-минутта форвард Аркадий Шестаков қарымта шабуылдан көзге түссе, үш минуттан соң форвард Линус Виделль есепті еселеді. Ал матчтың аяқталуына бес секунд қалғанда Дастин Бойд кездесудің нүктесін қойды.





Осылайша, "Барыс" қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті. Бұған дейін Андрей Скабелка шәкірттері "Металлург" (4:3), "Салават Юлаев" (5:3) және "Локомотив" (4:3) командаларын жеңген болатын.

Енді қазақстандық клуб 23 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да сырт айдында питерлік СКА командасымен кездеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
20 желтоқсан
11:43