Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Расписание матчей "Астаны" в ЛЕ Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы сапына Ильин кірді

Турнир жеңімпазы Олимпиада ойындарына жолдама алады.

© Reuters
0
239
10 сәуір 2019 15:26
18-28 сәуір аралығында Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлықтың басты додасында қазақстандық ауыр атлеттер де жүлдеге таласады.

Азия чемпионаты 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі аясындағы жарыстар қатарына енеді. Сондықтан да қазақстандық кіл мықты ауыр атлеттер бұл жарыста бақ сынайды. Қазіргі таңда кімдер баратыны анықталып үлгерген. Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Мельников olympic.kz сайтына берген сұқбатында айта кетті.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына Ресейдің Сочи қаласында бір ай дайындалды. Көрші елдің спортшыларымен бірге жаттығу жасап, тәжірибе алмасты. Ал қазір Шымкенттегі "БИІК" спорт кешенінде жаттығуларын жалғастыруда екен.

Нинбода өтетін Азия чемпионатына кіл мықты ауыр атлеттер қатысатыны жайлы айта кеттік. Енді атап айтар болсақ, олардың қатарында Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов, Олимпиада жүлдегері Денис Уланов пен Жазира Жапарқұл бар. Сондай-ақ, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да бақ сынайды.

Азия чемпионатына баратын ұлттық құрама тізімі:

Ерлер

Арлей Чонтей (55 кг)
Фархад Харки (67 кг)
Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 кг)
Нижат Рахимов (89 кг)
Илья Ильин, Рустам Сыбай (96 кг)
Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, Селімхан Абубакиров (109 кг).

Қыздар

Зүлфия Чиншанло (55 кг)
Карина Горичева (64 кг)
Екатерина Столяренко, Екатерина Быкова (71 кг)
Жазира Жапарқұл (76 кг)
Раушан Мешітханова (81 кг)
Лариса Кобелева (87 кг)
Айзада Мүфтілда (+87 кг).

Азия чемпионатында Илья Ильин 96 килода бақ сынайды. Рио Олимпиадасынан кейін ешбір жарысқа қатыспаған Жазира Жаппарқұл үшін де бұл жарыстың маңызы жоғары болмақ. Юрий Мельников olympic.kz сайтына берген сұқбатында екі спортшы жайлы тарқата айта кеткен.

- Ильин 96 келіге қайта оралды. Өйткені, басқа таңдау жоқ. Олимпиадалық салмақ дәрежесіне 96 және 109 келі енеді. Ильин 96 келіде бақ сынауды жөн көрді. Ал Жазира Жапарқұл Рио Олимпиадасынан кейін ешқандай жарысқа қатысқан жоқ. Жақында ғана құрамаға оралып, Сочидегі жаттығу жиынына қатысты. Әзірге, Жазираға қатысты ештеңе айта алмаймын. Оның құрлық додасында жүлдеге таласпайтыны анық. Бірақ осы турнирден қалып қойса, келесі Олимпиадаға жолдама алу туралы ұмытуға болады. Сол себепті, оған Азия чемпионатына міндетті түрде қатысып, ұпай жинау керек. Бұл Ильинге де қатысты. Егер Токио ойындарына қатысатын болса, Азия чемпионатында міндетті түрде сынға түсуі тиіс, - деген.

Айта кетейік, осыған дейін ауыр атлеттердің Олимпиада ойындарына қатысуы – сол ел ұлттық құрамасының халықаралық жарыстардағы нәтижесіне байланысты еді. Жаңа жүйе бойынша ауыр атлеттер төртжылдықтың басты додасына жекелей көрсеткіштері бойынша жолдама алады. Олар осындай лицензиялық турнирлерде бақ сынап, ұпай алулары тиіс. Сондай-ақ, енді Олимпиада ойындарына лицензияны кім ұтып алса, сол ғана қатысады. Жаттықтырушылардың оның орнына басқа спортшыны жіберуге құқығы жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
0
239
10 сәуір 2019 15:26
Новости