Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақтың 16 жастағы зілтеміршісі Азия чемпионатында әлем рекордымен жеңіске жетті

Ол екі алтын жеңіп алды.

Қазақтың 16 жастағы зілтеміршісі Азия чемпионатында әлем рекордымен жеңіске жетті
© ҚР ААФ
Қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында әлем рекордын орнатты. Құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қызылордалық ауыр атлетика мектебінің 16 жастағы түлегі 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Ол қос жаттығу нәтижесі бойынша 356 (158+198) келі зілтемірді еңсерді. Осылайша, Рахат Бекболат екінші орын алған қарсыласынан 14 келіге көп көтерді. Бұл көрсеткішпен ол 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанып отыр. Сондай-ақ ауыратлет жасөспірімдер арасында серпе көтеруде әлем рекордын орнатты.

Рахат Бекболат 31 жастағы Илья Ильиннің соңғы нәтижесінен озып кетті. Әлемнің төрт дүркін чемпионы Ташкенттегі сайыста топ жарған еді. 102 келіге дейінгі салмақта ол қос жаттығу нәтижесі бойынша 355 (160+195) келі көтерген.

Рахат Бекболаттың сайысқа түсуімен қазақстандық команда үшін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты тәмамдалды. Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, оның тоғызы - алтын жүлде.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости