Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазір нағыз бабымдамын. Үздік үштіктен көріну - басты мақсат - Галышева

Спортшы Олимпиадаға қандай дайындықпен келгенін айтып берді.

Қазір нағыз бабымдамын. Үздік үштіктен көріну - басты мақсат - Галышева
©:Данияр Майлыбаев
Фристайландан ел намысын қорғайтын Юлия Галышева Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпияда ойындарында  медалын иеленуге дайындық үстінде, деп жазады Vesti.kz. Могул спортының Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі 9-ақпан күні басталады.  Ал финалдық жарыс 2 күннен кейін өтеді. 

Бүгін 7-ақпан күні Пхенчханда Қазақстан туын салтанатты көтеру рәсіміне қатысқан спортшының айтуынша,  ол қазір нағыз бабында екен.

"Олимпиада бізде маусымының ортасында өтеді, ал біз маусымға толық дайындалдық. Себебі бұл Олимпиададан кейін бізде әлем кубогының төрт кезеңі бар. Яғни, бұл бәсекеде нағыз бабымызда келеміз", – деді Галышева.

Фристайландан ел намысын қорғайтын спортшымыз өз спорт түрінен медальда үміткерлердің бірі. Сондықтан да ол Пхенчханда жеңімпаздар тұғырынан көрінемін деп отыр. 

"Бірінші және үшінші орынның бірін алу жоспарда бар. Бұл тапсырманы орындауға тырысамыз", - дейді Галышева. 

"Менің қатысатын спорт түрінен фовариттар - Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков. Ал шаңғы жарысынан Алексей Полторанин. Мен басқа спортшылардың нәтижелерін қадағаламаймын, сондықтан олардың қарсыластары қандай екенін білмеймін",- деді спортшы. 

Еске сала кетсек, бүгін Пхенчханда Қазақстан туы көтерілген болатын. Қысқы Олимпиада ойындары 9-25-ақпан күндері аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трек спортынан сынға түсетін Абзал Әжғалиев алып шығады. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости