Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Фристайлдан қазақстандық Дмитрий Рейхерд Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен әлем кубогында күміс медаль алды. Могул жаттығуында сынға түскен ол финалда, 83,66 ұпай жинады.
Рейхерд биылғы әлем кубогының кезеңінде төртінші медалін иеленді. Ол желтоқсанда Финляндия, Қытай және Канадада өткен кезеңде күміс алған. Қазір ол әлем кубогының жалпы есебінде Кингсбериден кейін екінші орында тұр.
Рейхерд - 2011 жылғы Азия ойындарының, 2017 жылғы қысқы универсиаданың чемпионы. Ол биыл Пхенчханда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысады.
Фристайлдың могул жаттығуында спортшылар таудан ылдилай алдындағы бірнеше төмпешіктен өтіп, жол ортасындағы трамплиннен сальто жасайды. Төрешілер спортшының трамплиннен секіруін бағалайды және төрешілер ұпайына спортшының көрсеткен уақыты қосылып, ең үздік нәтиже көрсеткендері жеңіске жетеді.
Жарнама