auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ балуаны Олимпиада жүлдесін 10 жылдан кейін алып отыр

Қазақ балуаны Олимпиада жүлдесін 10 жылдан кейін алып отыр
©Olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбай Лондон-2012 қола медалін иеленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Марапатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі Белградтағы күрестен әлем чемпионатында өткен. Спортшы медальді Біріккен күрес әлемінің (UWW) басшысы, ХОК атқарушы комитетінің мүшесі Ненад Лаловичтің қолынан алған.

"Қымбатты достар, туған халқым, Қазақстаным. Аллаға шүкір, көптен күткен медальді алдым! Халықаралық Олимпиада комитетіне, Ненад Лалович мырзаға, Біріккен күрес әлемінің президентіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Ұлттық федерацияның басшылығына ризамын. Барлығы мені жеке құттықтағанына қатты қуаныштымын. Біздің спортшылар чемпион болсын. Дайындалыңдар, жігіттер!" - деді Дәулет Шабанбай.

Спортшы марапаттар қайта бөлінгеннен кейін Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қатарына енген. Лондондағы Олимпиадада Дәулет Шабанбай 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ойынды бесінші орында аяқтаған. Алайда 2019 жылы допинг-сынамалар қайта тексерілгеннен кейін грузин палуаны Давид Модзманашвили мен Артур Таймазов (Өзбекстан) тыйым салынған заттарды қолданғанына байланысты сотталған.

"Дәулеттің марапаты он жылдан кейін де спортшының күш-жігері мен шеберлігінің, сондай-ақ, бүкіл команданың тиімді жұмысының көрінісі саналады. Оны бағаламауға болмайды. Бұл - біздің палуанның заңды үшінші орны. Біріккен күрес әлеміне Олимпиада медалін беру шарасын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін", - деді Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков.

Барлық сынақтардан кейін осы спортшыларды шеттету, олардың Лондондағы Олимпиадада көрсеткен нәтижелерін жою туралы шешім қабылданған. Осылайша, Дәулет Шабанбай ойындардың қола жүлдегері атанған.

Айта кетейік, Дәулет Шабанбай - Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері (2008, 2009, 2011, 2014). Сондай-ақ, ол 2014 жылы Азия ойындарының күміс медаліне ие болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама