auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Еліміздегі әйелдер футболын дамыту жолында кедергілерді жою үшін жұмыс істейміз - Рәзия Нүркенова

Еліміздегі әйелдер футболын дамыту жолында кедергілерді жою үшін жұмыс істейміз - Рәзия Нүркенова
Рәзия Нүркенова.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова Англиямен өткен ойыннан кейін журналистердің қойған сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Павлодарда Англиямен өткізді. 6:0 есебімен жеңілген бұрымдылар жарыстан шығып қалды. 

- Павлодарда бізді жақсы қарсы алды. Бүгін стадионға жиналып, қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Халықтың көп жиналғанына қыздар да таңғалды. Павлодар қаласы мен ұйымдастырушыларға рақмет. Англия - мықты қарсылас. Ал, біз жаңа команданы құруда алғашқы қадамымызды жасап жатырмыз.

- Бүгін ең жақсы құрам алаңға шықты ма?

- Өкінішке қарай, Ресеймен өткен ойында бір қорғаушы жарақат алып қалды. Англияның деңгейі жоғары екенін қайталаймын. Олардың бүгін көрсеткен ойыны жылдар бойы қалыптасқан. Англия қатарындағы ең жас ойыншы 1995 жылғы болды. Тәжірибелі ойыншылар жеткілікті. Ал, біздің құрамада 2002 жылғы футболшы алаңға шығып, толық екі тайм ойнады. Екінші жағынан мықты қарсыласпен ойнап, тәжірибе жинадық деп айта аламын.

- Бүгін құраманың бас бапкері ретінде екінші ойынды өткіздіңіз... Қандай әсер алдыңыз?

- Соңғы екі кездесуге дайындық аз болады деп уайымдадым. Дайындық кезеңі жылдам өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз. Еліміздегі әйелдер футболын дамыту жолында кедергілерді жою үшін жұмыс істейміз.

- Павлодар қаласында ойынды жиі өткізуді қалайсыз ба?

-  Барлығы көңілімізден шықты. Біздің командаға ерекше назар аударылды. Жанкүйерлердің назары жоғары болғандықтан аздап толқығанымыз рас. Бүгінгі құраманың ойыны Павлодардағы қыздар футболын дамытуға күш беретіні анық.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама