auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы Алматыда Даниядан ұтылды

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Дания құрамасынан ұтылды. Ойында қонақтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы ойынды қарқынды бастады. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауымен алға ұмтыла түсіп, шабуылда белсенділік танытты. Доп ұстауда басымдық танытса, дат футболшылары қарымта шабуылға иек артты. 15 минутта қонақтардың шабуылы қауіпті шықты. Одан кейінгі аралықта Георгий Жуков, Азат Нұрғалиев пен Исламбек Қуат соққы бағыттап көрген. Доп Дания құрамасының қақпасынан биік кетті.

27 минутта Дания құрамасы есепте алға шықты. Йоргенсеннің тепкен добын Давид Лория қайтара алмады. Бір гол соққаннан кейін қонақтар шабуылға еркін шыға бастады. 33 минутта екінші рет гол соқты. Қапталдағы төреші ойыншының оффсайдта қалғанын аңғарып, голды есепке алған жоқ.

44 минутта команда капитаны Бауыржан Исламхан ойын ережесін бұзғаны үшін алаңнан қуылып, Қазақстан құрамасы 10 ойыншымен қалды. Артынша Дания құрамасы кезекті рет гол соғып, есепке алынбады.

Екінші таймды даттар ширақ бастады. Йоргенсеннің тепкен добын Давид Лория қайтара білді. Алайда 51 минутта Кристиан Эриксеннің пенальтиін қайтара алмады. Нәтижесінде Дания құрамасы екі доп басымдығымен алға шықты. 61 минутта Давид Лория қақпасын үшінші голдан аман алып қалды. Қорғаныстағы қателіктен кейін Йоргенсен мен Брайтуайт қақпашымен бетпе-бет шыққан еді.



76 минутта Исламбек Қуат қарсыластардың қорғаушысын алдап өтіп, есепті қысқартты. Алайда араға 5 минут сала екінші таймда алаңға шыққан Каспер Дольберг есепте Дания құрамасын екінші рет  екі доп басымдығымен алға шығарды.

Негізгі уақыт аяқталар тұста Серікжан Мұжықовтың тепкен  добы қақпадан сәл биік кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама