Мадридтік "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасындағы матчтан кейін лиссабондық "Бенфика" бас бапкері Жозе Моуриньюдің мәлімдемесіне қатты наразы, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бразилиялық футболшының дәл соққысы "корольдік клубқа" 1:0 есебімен жеңіс әкелді. Алайда голдан кейінгі мерекелеу сәті алаң иелері тарапынан арандату ретінде қабылданып, трибуналардан нәсілшілдік сипаттағы айқайлар естілген.
Ойыннан кейін Моуринью Винисиустың әрекетін сынға алып, жанкүйерлердің реакциясына футболшының өзі түрткі болды деген сыңай білдірді. El Chiringuito TV мәліметінше, бұл сөздер бразилиялық ойыншыны таңғалдырыпты және ол португалиялық маманының позициясын нәсілшілдікті ақтаумен тең деп бағалауда.
?? Tension rises between Vinícius Júnior and José Mourinho
— The Football Lab (@football_lab07) February 20, 2026
Vinícius Júnior felt Mourinho’s comments downplayed the racist abuse he faced..
?️ “For him, those words felt like a dangerous justification of something that should never be tolerated in football.” ? pic.twitter.com/MyScb1emcQ
Қарымта кездесу келесі сәрсенбіде Мадридте өтеді.
Marca басылымының жазуынша, енді осы жанжалдан кейін ФИФА алаңдағы тәртіпке қатысты талаптарды күшейтуді қарастыруда. Ұйым "Престианни заңы" деп аталатын жаңа норманы енгізу мүмкіндігін талқылап жатыр.
"Бенфика" – "Реал" матәчінде лиссабондықтардың вингері Джанлука Престианни Винисиусқа қарата сөз айтып, аузын жейдесімен жауып тұрған сәті назар аудартқан.
If Vinicius did not hear anything he wouldn’t have reacted that way
— Marcus (@marcus077777) February 19, 2026
UEFA should investigate and interrogate prestiani pic.twitter.com/cXcVUxkm8h
Матчтан кейін БАҚ-та айтылған сөздер нәсілшілдік сипатта болуы мүмкін деген болжамдар тарады. Осы жағдай болашақта мұндай әрекеттерге санкция енгізу мәселесін күн тәртібіне шығарды.
Жарнама