"Астананың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Назми Грипши карьерасын қазандық "Рубин" клубында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңа клуб пен 28 жастағы албаниялық хавбекпен келісімшарт 2029 жылға дейін жасалған. Жаңа командасында ол 11-нөмірмен өнер көрсетеді.
Еске салайық, Грипши ҚПЛ-2025 маусымында Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі атанып, 26 матчта 16 гол соқты.
Ол 2024 жылдан бері "Астана" сапында өнер көрсетіп, барлық турнирлерде 53 матч өткізіп, 25 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.
Жарнама