Әзірбайжандық "Карабах" Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі шешуші матчта ағылшындық" Ньюкасл Юнайтед" клубынан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Бакуде өтіп, 6:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
"Ньюкасл" матчты қарқынды бастады. 3-минутта Энтони Гордон есеп ашса, 9-минутта Малик Тшау есепті еселеді.
32-минутта Гордон пенальтиді сәтті орындап, дубль авторы атанды. Екі минуттан соң тағы бір гол соғып, хет-трик жасады. Ал бірінші таймға қосылған уақытта шабуылшы тағы да "нүктеден" дәл теуіп, покер жасады - 5:0.
Үзілістен кейін "Карабах" бір голмен жауап бере алды: 56-минутта Элвин Джафаргулиев мергендік танытты. Алайда Джейкоб Мёрфи 72-минутта алтыншы голды соғып, матчтың нүктесін қойды - 6:1.
Қарымта кездесу 24 ақпанда Ньюкаслдағы "Сент-Джеймс Парк" стадионында өтеді.
Жалпы кезең қорытындысында "Карабах" 10 ұпаймен 22-орында. Ал "Ньюкасл" 14 ұпай жинап, 12-сатыда аяқтаған.
Жарнама