1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
19 ақпан 09:19
 

"Интердің" ЧЛ-ге алғаш өткен командамен матчінде сенсация болды

  Пікірлер

blog.share

"Интердің" ЧЛ-ге алғаш өткен командамен матчінде сенсация болды ©УЕФА

Норвегиялық "Будё-Глимт" Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алғашқы шешуші матчта миландық "Интер" клубын ұтып, сенсация жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Норвегиялық "Будё-Глимт" Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алғашқы шешуші матчта миландық "Интер" клубын ұтып, сенсация жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Норвегияда өтіп, алаң иелерінің 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

21-минутта Сондре Брунстад есеп ашты. Алайда тоғыз минуттан кейін Франческо Эспозито таразы басын теңестіріп, интриганы қайтарды.

Екінші таймда ойын тағдыры шешілді. 61-минутта Йенс Петтер Хёуге "Будё-Глимтті" қайта алға шығарса, үш минуттан соң Каспер Хёг үшінші голды соғып, "Интерді" қиын жағдайға қалдырды.

Қарымта кездесу 24 ақпанда Миландағы әйгілі "Сан-Сиро" стадионында (Джузеппе Меацца) өтеді.

Жалпы кезең қорытындысы бойынша турнир дебютанты атанған "Будё-Глимт" тоғыз ұпай жинап, 23-орынға тұрақтады. Ал "Интер" 15 ұпаймен 10-сатыда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!