"Астана" командасының форварды Рангело Янга Кюрасао құрамасына шақыртылды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Кюрасао құрамасы КОНКАКАФ аумағындағы Ұлттар Лигасында Гаити құрамасына қарсы 7 және 10 қыркүйекте екі матч өткізеді.
Янга құрама үшін 14 матчта он гол салған. "Астана" сапында футболшы осы маусымда чемпионатта төрт гол және Еуропа Лигасында бір гол салды.
Жарнама