auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" Мальта чемпионына бес гол салып, Еуропа Лигасы плей-офф раундына жақындады

"Астана" Мальта чемпионына бес гол салып, Еуропа Лигасы плей-офф раундына жақындады
Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
"Астана" футболшылары Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында мальталық "Валлеттаны" тас-талқан етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Астана Аренада" өткен ойын 5:1 есебімен аяқталды.

"Астана" ойынның төртінші минутында алға шығуға жақын болған, бірақ қонақтарды қақпа маңдайшасы құтқарып қалды. Бірақ араға төрт минут салып Қазақстан чемпионы алға шықты - Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссон қанжығасын майлады.



"Астананың" екінші голы 15-минутта соғылды. Бұл жолы Сигурьонссонның пасынан кейін қорғаушы Юрий Логвиненко баспен дәл ойнады.

Матчтың 35-минутында алаң иелері үшінші голын соқты. "Астана" қорғаушысы Дмитрий Шомко допты ауттан ойынға қосып, Марин Томасовты ұрымтал тұсқа шығарған - хорват қарсыластан сытылып өтіп, "Валетта" қақпашысы Анри Бонеллоны шарасыз қалдырды.





"Астана" төртінші голын 57-минутта соқты - Сигурьонссон дубль авторы атанды.

Артынша "Валлетта" есеп айырмасын қысқарта алды. 67-минутта италиялық шабуылшы Пабло Фонтанелла көзге түскен. Бірақ соңғы сөз "Астана" ойыншыларында қалды. Ойынға тыңнан қосылған Кюрасао құрамасының шабуылшысы Рангело Янга матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 5:1.


Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Айта кетейік, енді қарымта матч 16 тамызға қараған түні Та-Калиде өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. Бұл жұпта үздік болған клуб Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде беларусьтік БАТЭ мен босниялық "Сараево" текетіресінің жеңімпазымен кездеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама