auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Шымкенттік дәрігерлер өз қаржыларына спорт алаңшасын салып алды

Шымкенттік дәрігерлер өз қаржыларына спорт алаңшасын салып алды
Шымкент дәрігерлері аурухана жанынан спорт алаңшасын ашты. Елімізде бұрын-соңды болмаған жоба ақ халаттылардың өз қаржысына соғылған. Айта кетейік, стадион Асардағы аурухана жанында орналасқан. Ал, жасыл алаңда өзара мықтыны анықтауға бірінші болып қарапайым халық пен абзал жандар шықты.
Асардағы аурухана дәрігерлернің тың бастамасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күнінде қолданысқа берілді. Құрылысы 3 жылға созылған стадион футбол ойынына арналған. Жасыл алаң салуды ойға алған бас дәрігерді барлық қызметкерлер қолдаған екен, - деп хабарлайды "Отырар"

Гауһар Укбаева, №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері: «Стадион ауруханадағы амбулаторлық емхананың қызмет ақысына салынып отыр. Негізі қалалық клиникадағы қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі. Бірақ стационардың көпсалалы екенін ескерсек, мұнда барлық саланың маманы жұмыс істейді. Осылайша біз емханаларға қосымша қызмет көрсетеміз. Тиісінше, олардың берген еңбекақысына осы алаңша ашылып отыр».

Елдің денсаулығын емдеуге жұмыс істейтін дәрігерлер қолы босай қалғанда жасыл алаңға жүгіреді екен. Жиналған негатив пен стресті доп қуып шығаратын жандар дәстүрлі түрде жолдастық турнир де өткізіп келеді. Бұған дейін тек медицина күнінде жалауын көтеретін жарыстар енді демалыс сайын ұйымдастырылмақ.

Сарбай Сұлтанғали, хирургия бөлімі бас дәрігерінің орынбасары: «Аурухана бас дәрігерінің арқасында тың жобаны қолға алдық. Көріп тұрғандарыңыздай қаламызда бұрын-соңды болмаған бастама жүзеге асты. Алаңшаны ашу кезеңінде бізге қалалық денсаулық сақтау басқармасы да қолдау білдірді».

Әзірге қалалық клиникалық балалар ауруханасында жалғыз ерлер футбол командасы бар. Бас дәрігер алдағы уақытта нәзік жандылардан әйелдер футбол командасын жасақтауды да жоспарлап отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама